locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Дана Уайт: Трамп Ақ үйде турнир өткізуді мақұлдады

Жекпе-жек тарихындағы ең ұлы оқиға ма?
ММА
Санжар Ақатаев
Санжар Ақатаев
Журналист
Дана Уайт: Трамп Ақ үйде турнир өткізуді мақұлдады
ФОТО: BloodyElbow

UFC президенті Дана Уайт АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуінің аса сәтті өткенін мәлімдеді.

Оның айтуынша, UFC турнирін Ақ үйде өткізу туралы келісімге қол жеткізілген.

«Бүгін біз Дональд Трамппен кездестік, және кездесу барлық үмітімізден асып түсті. UFC турнирі шынымен де тікелей Ақ үйде өтеді. Толығырақ мәліметті алдағы екі апта ішінде жариялаймын», — деді Уайт MMAFighting-ке берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Трамптың өзі 2026 жылдың жазында АҚШ президентінің резиденциясында UFC турнирін өткізуді жоспарлап отырғанын хабарлаған еді. Оның айтуынша, бұл шараға 25 мыңға жуық көрермен жиналады деп күтілуде және ол АҚШ-тың 250 жылдығын мерекелеудің бір бөлігі болмақ.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie