locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ауыр нокаутпен және жедел жәрдем көмегімен аяқталған Қазақстан — Өзбекстан жекпе-жегі

Данияр Жүніс жекпе-жектен кейін тордан өздігінен шыға алмады
ФОТО: championat.com

Қазақстан — Өзбекстан арасындағы MMA жекпе-жегі ауыр нокаутпен аяқталып, қазақстандық спортшыға жедел жәрдем көмегі қажет болды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Қазақстандық Данияр Жүніс пен Өзбекстан өкілі Зиед Тохиров MMA бойынша Alash Pride 128 турнирінде кездесті. Жекпе-жек толық қашықтыққа созылмай, мерзімінен бұрын аяқталды.

Айқас екінші раундтың аяқталуына аз уақыт қалғанда тоқтатылды. Тохиров шешуші соққы жасап, Жүніс ауыр нокаутқа түсті. Осыдан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатты.

Бұдан бөлек, қазақстандық файтер тордан өздігінен шыға алмай, жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді.

Айта кетейік, Данияр Жүніс пен Зиед Тохиров үшін бұл Alash Pride FC лигасындағы дебюттік жекпе-жек болды.

Бұған дейін аралас жекпе-жек шебері Бекзат Алмаханның грузиялық RKENA промоушенінде мансабын жалғастыратынын хабарлаған едік. Ұйым өкілдері спортшымен келісімшартқа отырғанын әлеуметтік желілерде ресми түрде жариялады.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie