locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Асу Алмабаевтың UFC-дегі келесі жекпе-жегінің күні мен орны белгілі болды

Эдуард Базров спортшының 21 қарашада Катарда октагонға шығатынын айтты
Асу Алмабаевтың UFC-дегі келесі жекпе-жегінің күні мен орны белгілі болды
ФОТО: 24.kz

Асу Алмабаевтың UFC-дегі келесі жекпе-жегінің күні мен орны белгілі болды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Қазақстандық спортшының жаттықтырушысы Эдуард Базров Асуның 21 қарашада Катарда октагонға шығатынын айтты. Оның қарсыласының есімі жақын арада белгілі болады.

«Бізде нақты күн бар – 21 қараша. Бұл – Катар. Қарсыласы да жақын арада белгілі болады, өйткені Ройвал отбасылық жағдайына байланысты жекпе-жектен бас тартты, оның аздаған жарақаты да бар. Жақын арада бізге қарсылас берілетін шығар деп ойлаймын. Ешқандай есімді атағым келмейді, өйткені келісімшартқа әлі қол қойылған жоқ. Бірақ бізге міндетті түрде топ деңгейдегі қарсылас беріледі», – деп Базровтың сөзін Sports.kz келтіреді.

Еске салайық, Алмабаев UFC-дегі соңғы жекпе-жегін маусым айында өткізіп, америкалық Чарльз Джонсонды (20-9) үшінші раундта жеңген еді.

Айта кетейік, қазақстандық спортшы 30 тамызда Ыстамбұлда өткен ACBJJ 22 турнирінде Халим Назрулоевты жеңіп, All-stars No-Gi чемпионы атанды. Асу төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетіп, чемпиондық титулды иеленді.

Алмабаев үшін бұл MMA ережелері бойынша жекпе-жек емес, ACBJJ лигасымен келісімшартқа отырғаннан кейінгі грэпплингтегі бөлек жарыс болды.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie