locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ВИДЕО: «Барыс» сырт алаңда «Ладаны» тас-талқан етті

Тольятти командасының қақпасына алты шайба соғылды
ФОТО: «Барыс»

«Барыс» Континенттік хоккей лигасындағы үш матчтан тұратын сырт алаңдағы сериясын Тольяттидің «Лада» командасын ойсырата жеңуден бастады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Астаналық команда алғашқы 20 минуттың соңында есеп ашты: Масси мергендік танытты. Бұдан кейін алаң иелерінің қақпасына тағы төрт шайба соғылды. Бэйли дубль жасаса, Симонов, Маккошен және Томпсон есепке бір-бір дәл соққыларын жазды. Нәтижесінде қазақстандық команда 6:0 есебімен жеңіске жетті.

Тольяттидегі ірі жеңістен кейін Михаил Кравец шәкірттері алты ұпай жинап, ҚХЛ тұрақты чемпионатының Шығыс конференциясы турнирлік кестесінде төртінші орынға көтерілді.

Енді астаналықтарды сырт алаңда тағы үш матч күтіп тұр. 18 қыркүйекте Кравец командасы «Металлургке» қарсы ойнаса, 20 қыркүйекте «Локомотивпен» кездеседі. Ал сырт алаңдағы турнесін Мәскеуде «Динамоға» қарсы матчпен аяқтайды.

Назарларыңызға «Лада» – «Барыс» матчының бейнешолуын ұсынамыз.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie