«Барыстың» үш хоккейшісі «Ладаға» қарсы матчтың жұлдыздары атанды
ҚХЛ аясында «Барыстың» үш хоккейшісі Тольяттидің «Ладасына» қарсы матчтың жұлдыздары атанды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Джастин Бэйли, Джейк Масси және Хантер Шепард тамаша ойын көрсетіп, лайықты марапатқа ие болды.
«Барыстың» шабуылшысы Бэйли дубль жасап, матчтың бірінші жұлдызы атанды. Қақпашы Масси кездесудегі алғашқы шайбаның авторы болып, екінші жұлдыз атанды. Голкипер Шепард қақпасын голдан қорғап, матчтың үшінші жұлдызы атанды.
Еске салайық, Астана командасы сырт алаңда «Ладаны» 6:0 есебімен ойсырата жеңді. Дәл соққыларын Масси, Бэйли (дубль), Симонов, Маккошен және Томпсон өз есептеріне жазды.
Тольяттидегі ірі жеңістен кейін Михаил Кравецтің командасы алты ұпай жинап, ҚХЛ тұрақты чемпионаты Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде төртінші орынға көтерілді.
Енді астаналықтарды сырт алаңдағы тағы үш ойын күтіп тұр. 18 қыркүйекте Кравецтің командасы «Металлургке» қарсы ойнаса, 20 қыркүйекте «Локомотивпен» кездеседі. Ал сырт алаңдағы турын Мәскеуде «Динамоға» қарсы матчпен аяқтайды.