locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ҚХЛ турнирлік кестесі: «Барыс» төрт матчтан кейін нешінші орында?

Михаил Кравец шәкірттері төрт кездесудің үшеуінде жеңіске жетіп, 2026/27 маусымын нәтижелі бастады
ҚХЛ турнирлік кестесі: «Барыс» төрт матчтан кейін нешінші орында?
ФОТО: Барыс ХК

Астаналық «Барыс» ҚХЛ-дың жаңа маусымындағы төрт матчтан кейін Шығыс конференциясы турнирлік кестесінің жоғарғы бөлігіне жайғасты. Михаил Кравецтің командасы төртінші орында тұр, деп хабарлайды Sports24.kz.

Тұрақты чемпионаттың алғашқы бөлігі астаналықтар үшін нәтижелі өтті. Төрт кездесуде «Барыс» үш рет жеңіске жетіп, бір матчта ғана қарсыласына жол берді.

Маусымды команда 7 қыркүйекте өз алаңында «Сібірге» қарсы бастады. Алғашқы кездесу қазақстандық клубтың ірі жеңісімен аяқталды - 7:1.

Екі күннен кейін Астанада одан да нәтижелі ойын өтті. «Салават Юлаевқа» қарсы матчта командалар жалпы 14 шайба соқты. Тартысты кездесуде «Барыс» 8:6 есебімен басым түсті.

Алғашқы жеңіліс 12 қыркүйекте тіркелді. Астанаға келгенге дейін жаңа маусымда жеңіске жетпеген Хабаровскінің «Амуры» алаң иелерін 3:1 есебімен ұтты.

Осыдан кейін «Барыс» маусымдағы алғашқы сырт алаңдағы сапарына аттанды. 16 қыркүйекте Тольяттиде Кравец шәкірттері «Ладаны» 6:0 есебімен ойсырата жеңді. Джастин Бэйли дубль жасап, нәтижелі сериясын төрт матчқа дейін ұзартты.

Осылайша, «Барыстың» алғашқы төрт матчтағы нәтижелері:

• 7 қыркүйек: «Барыс» - «Сібір» - 7:1
• 9 қыркүйек: «Барыс» - «Салават Юлаев» - 8:6
• 12 қыркүйек: «Барыс» - «Амур» - 1:3
• 16 қыркүйек: «Лада» - «Барыс» - 0:6

ФОТО: ЧЕМПИОНАТ

Төрт ойыннан кейін астаналық клубтың еншісінде алты ұпай бар. «Барыс» Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде төртінші орында келеді.

Келесі кездесу 18 қыркүйекте өтеді. Михаил Кравецтің командасы сырт алаңда Магнитогорскінің «Металлургімен» кездеседі.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie