locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Барыс» «Ладаны» ойсырата жеңіп, сырт алаңдағы турнесін бастады

Тольятти командасының қақпасына алты шайба соғылды
ФОТО: «Барыс»

«Барыс» Континентальды хоккей лигасындағы алғашқы сырт алаңдағы турнесін Тольяттидің «Лада» командасын ірі есеппен жеңуден бастады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Матч алдында екі команда да төрт ұпайдан жинаған еді. Алайда «Лада» астаналықтардан екі ойын артық өткізген болатын. «Барыс» алғашқы 20 минуттың соңында Масси соққысының арқасында алға шықты.

Осыдан кейін қонақтар ширақ қимылдап, қарсыласының қақпасына тағы төрт шайба соқты. Бэйли дубль жасаса, Симонов, Маккошен және Томпсон бір-бірден дәл соққысымен көзге түсті.

Бұл жеңістен кейін Михаил Кравецтің командасы ұпай санын тоғызға жеткізіп, ҚХЛ тұрақты чемпионатының Шығыс конференциясы турнирлік кестесінде төртінші орынға көтерілді.

Енді астаналықтарды сырт алаңда өтетін тағы үш кездесу күтіп тұр. 18 қыркүйекте Кравец шәкірттері «Металлургпен», 20 қыркүйекте «Локомотивпен» ойнайды. Ал сырт алаңдағы турне Мәскеудегі «Динамоға» қарсы матчпен аяқталады.

«Лада» (Тольятти) – «Барыс» (Астана) 0:6 (0:1, 0:2, 0:3)

0:1 - Масси (Омирбеков, Муратов) - 18:12
0:2 - Бэйли (Кайыржан) - 21:00
0:3 - Симонов (Ляпунов, Бекетаев) - 39:14
0:4 - Маккошен (Савицкий) - 46:01
0:5 - Бэйли - 53:04
0:6 - Томпсон (Приски) - 55:14 ГБ

Вратари: Подскребалин (Мишуров, 40:00 - 60:00) - Шепард

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie