locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Жәнібек Әлімханұлы мен Хамза Шираздың титулдық жекпе-жегін ұйымдастыратын компания анықталды

Queensberry WBO промоутерлік саудасында жеңіске жетіп, жекпе-жекті өткізу құқығы үшін шамамен 1,2 миллион доллар ұсынды
Жәнібек Әлімханұлы мен Хамза Шираздың титулдық жекпе-жегін ұйымдастыратын компания анықталды
ФОТО: Getty images

Жәнібек Әлімханұлы мен Хамза Шираз арасындағы ықтимал чемпиондық жекпе-жекке қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды. Queensberry промоутерлік компаниясы Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) өткізген саудада жеңіске жетіп, кездесуді ұйымдастыру құқығына ие болды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Жекпе-жекте Ширазға тиесілі екінші орта салмақтағы WBO чемпиондық белбеуі сарапқа салынады. Әлімханұлы осы титулға міндетті үміткер мәртебесін алған және енді чемпионмен кездесуі тиіс.

Жекпе-жекті ұйымдастыру құқығы үшін екі промоутерлік компания таласты. Queensberry 1,189 миллион доллар ұсынса, Top Rank-тің ұсынысы 820 мың долларды құрады. Нәтижесінде жоғары сома ұсынған британдық компания титулдық кездесуді өткізу құқығын иеленді.

Ендігі кезекте жекпе-жектің нақты күні мен өтетін орны анықталуы керек. The Ring мәліметінше, қазір үш қала қарастырылып отыр - Лондон, Бирмингем және Нью-Йорк. Ал ықтимал күндер ретінде 28 қараша мен 5 желтоқсан аталады.

Әлімханұлы үшін бұл кездесу мансабындағы жаңа чемпиондық кезеңнің бастауы болуы мүмкін. Ұзақ үзілістен кейін қазақстандық боксшы екінші орта салмақтағы алғашқы жекпе-жегіне дайындалып жатыр.

Жәнібек соңғы ресми кездесуін 2025 жылдың сәуірінде өткізді. Астанада өткен бокс кешінде ол Анауэль Нгамиссенгемен кездесіп, қарсыласын мерзімінен бұрын жеңген еді.

Шираз болса, екінші орта салмақтағы WBO чемпиондық белбеуін 2026 жылдың мамырында Алем Бегичті жеңгеннен кейін иеленді. Маусым айында британдық боксшы Симон Захенхуберге қарсы шығып, титулын алғаш рет қорғады.

Енді Ширазды Қазақстан өкіліне қарсы міндетті титул қорғауы күтіп тұр. Промоутерлік сауда аяқталғаннан кейін басты мәселе - жекпе-жектің ресми күні мен өтетін орнын бекіту.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie