Видео: «Барыс» қорғаушысы Джейк Массидің голы ҚХЛ аптасының үздік бестігіне енді
Астаналық «Барыс» қорғаушысы Джейк Масси ҚХЛ-дың үшінші ойын аптасындағы ең әдемі голдардың бірін соқты. Лига канадалық хоккейшінің шайбасын үздік ондыққа енгізіп, бесінші орынға қойды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Бұл гол Мәскеудің «Динамосына» қарсы сырт алаңдағы кездесуде соғылды. Үшінші кезеңнің басында Масси шайбаны қарсылас аймаққа өзі алып кіріп, шабуылды жалғастырды. Кейін шайбаны қайта иеленіп, бірнеше хоккейшіні алдап өтіп, жақын қашықтықтан дәл соққы жасады. Осыдан кейін есеп «Барыстың» пайдасына 3:1 болды.
Мәскеудегі матч қорғаушы үшін аса сәтті өтті. Голдан бөлек, Масси екі нәтижелі пас та берді. Алдымен Гарретт Пилонның шайбасына ассист жасаса, кейін Джастин Бэйлидің бос қақпаға соққан голына қатысы болды.
Нәтижесінде «Барыс» Мәскеуден 4:1 есебіндегі сенімді жеңіспен қайтты, ал Масси үш ұпай жинап, кездесудің басты қаһармандарының біріне айналды.
Биылғы маусымда канадалық қорғаушы тоғыз матч өткізіп, сегіз ұпай жинады - үш гол және бес нәтижелі пас.
Астаналық команда келесі ойынын 30 қыркүйекте Қазанда «Ак Барсқа» қарсы өткізеді.