locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Барыс» мәскеулік «Динамоны» жеңіп, сырт алаңдағы сериясын аяқтады

Михаил Кравец шәкірттері сырт алаңдағы матчтардан мүмкін болған сегіз ұпайдың алтауын еншіледі
«Барыс» мәскеулік «Динамоны» жеңіп, сырт алаңдағы сериясын аяқтады
ФОТО: Барыс

Континенттік хоккей лигасындағы осы маусымның алғашқы сырт алаңдағы сериясындағы «Барыс» үшін соңғы матч мәскеулік «Динамоға» қарсы ойынмен аяқталды. Алайда қарсылас Қазақстаннан келген қонақтарға барынша қонақжайлық танытты, деп хабарлайды Sports24.kz.

Матчтағы алғашқы шайбаны Михаил Кравец шәкірттері соқты. Олар екінші кезеңнің басында есеп ашқанымен, мәскеуліктер көп ұзамай таразы басын теңестіріп үлгерді. Есептің тең болғаны ұзаққа созылмады: екінші жиырма минуттық кезеңде-ақ «Барыс» басымдығын қайтара алды.

Үшінші кезең басталысымен Кравец шәкірттері үшінші шайбаны соғып, басымдығын бекемдеді, ал матчтың соңына қарай жеңімпазға қатысты барлық сұраққа нүкте қойды. Осылайша, «Барыс» мәскеулік «Динамоны» 4:1 есебімен жеңіп, Шығыс конференциясында үшінші орынға көтерілді.

«Барыс» келесі матчын өз алаңында 25 қыркүйекте «Нефтехимикке» қарсы өткізеді.

Хоккей. ҚХЛ, тұрақты маусым

«Динамо» Мәскеу — «Барыс» — 1:4

Голдар: Коростелев (Пыленков + Сикура), 27:43 — Пилон (Масси + Бейли), 22:32, Пилон (Данияр + Маккошен), 33:25, Масси (Логвин + Приски) 45:15, Бейли (Масси + Морелли), 58:37

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie