locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Барыс» СКА-дан қарымта қайтара ала ма? ҚХЛ матчына анонс

Михаил Кравец командасының еншісінде 30 матчтан кейін 31 ұпай бар
Хоккей
ФОТО: коллаж Sports24.kz

Санкт-Петербургтің СКА клубы Астананың «Барысын» өз алаңындағы қазіргі сериясының екінші матчында қабылдайды. Қазақстандық клуб үшін бұл ҚХЛ аясындағы үш матчтық сырт алаң сапарының алғашқы ойыны болады, деп хабарлайды Sports24.kz.

ҚХЛ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 27 қыркүйекте өткен алдыңғы өзара кездесуде армиялық клуб 5:3 есебімен жеңіске жеткен. Ол кезде команданы Игорь Ларионов жаттықтырса, қазір армиялықтардың тізгінін Андрей Разин ұстап отыр.

СКА алдағы матчқа Ярославльдің «Локомотивінен» (2:3) жеңілгеннен кейін келеді. Санкт-Петербургтік клуб соңғы бес кездесудің екеуінде жеңіске жетті. 29 ойыннан кейін жинаған 30 ұпайымен олар Батыс конференциясында тоғызыншы орында.

«Барыс» та Шығыс конференциясында тоғызыншы орында тұр. Михаил Кравец командасының еншісінде 30 матчтан кейін 31 ұпай бар. Алдыңғы ойында астаналықтар өз алаңында Череповецтің «Северсталь» клубын (2:1) ұтты.

Матчтағы басты текетірестердің бірі командалардың үздік сұрмергендері арасындағы бәсеке болуы мүмкін. СКА сапында нәтижелілігі жағынан Николай Голдобин көш бастап тұр: оның еншісінде 25 ұпай (6 гол және 19 нәтижелі пас). «Барыстың» үздік сұрмергені — 30 ұпай (19+11) жинаған Джастин Бэйли.

Голдобин бұл ойынға қатарынан үш матчта ұпай жинап келеді — осы аралықта оның еншісінде төрт ұпай (3+1). Василий Глотовтың да қатарынан үш матчтық нәтижелі сериясы бар: үш ұпай (1+2).

ҚХЛ-дегі соңғы бес матчта СКА сапында ең көп ұпай жинаған ойыншылар:

  • Николай Голдобин — 4 ұпай (3+1);

  • Василий Глотов — 3 (2+1);

  • Рокко Гримальди — 3 (1+2).

«Барыс» сапында осы кезеңдегі үздік көрсеткіштер мына хоккейшілерге тиесілі:

  • Джастин Бэйли — 6 ұпай (6+0);

  • Чейз Приски — 4 (1+3);

  • Мэйсон Морелли — 4 (1+3).

Өзара кездесулер статистикасы да Санкт-Петербург клубының жағында. ҚХЛ тарихында СКА «Барыспен» өткізген 36 матчтың 29-ында жеңіске жеткен. Астаналықтардың еншісінде жеті жеңіс бар.

Арсен Алиев
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie