locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ҚХЛ-дегі СКА – «Барыс» кездесуіне шолу

Кезекті сырт алаңдағы сериясының алғашқы матчында «Барыс» Санкт-Петербургте қонақта болады
Хоккей
ҚХЛ-дегі СКА – «Барыс» кездесуіне шолу
ФОТО: ХК «Барыс»

Бүгін, 27 қарашада, астаналық «Барыс» Континентальды хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионатындағы кезекті матчын өткізеді. Қазақстандық команданың қарсыласы Санкт-Петербургтің СКА командасы болады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Неваның жағалауындағы «армияшылар» өткен турда өз алаңында «Локомотивке» (2:3) есе жіберді. Бір қызығы, алаң иелері қос шайбаны да үшінші кезеңде, қақпасын бос қалдырып, артық ойыншымен басымдықта ойнаған кезде соқты.

Гол соғушылар қатарына Данил Аймурзин мен команданың үздік бомбардирі Николай Голдобин (6+19) қосылды. Артемий Плешков 22 соққыны қайтарды. Андрей Разин командасына орынсыз айып минуттары мен сондай-ақ қателіктері кесірін тигізгенін айтты.

СКА 29 кездесуде 30 ұпай жинады. Жарақат алған ойыншылар тізімінде Захар Бардаков, Линус Вайссбак, Валентин Зыков және Игорь Ларионов бар.

Сәрсенбіде «Барыс» өз алаңындағы аса тартысты матчта «Северстальді» жеңді. Шешуші шайбаны чемпионаттың үздік мергені әрі бомбардирі Джастин Бэйли соқты. Ол осы маусымда Лигада 30 (19+11) ұпай межесіне алғаш жетті. Тағы бір шайбаны Логан Дэй соқты. Семён Симонов осы тұрақты чемпионаттағы 10-шы нәтижелі пасын берді. Астаналықтар сапындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізген Дмитрий Николаев қақпасына бағытталған 32 соққыны қайтарды.

Михаил Кравец демалыс күндері мен қысқа жаттығулардан кейін шәкірттері бұрын жеңіс әкелген бабына қайта келе бастағанын атап өтті.

«Барыс» 30 матчтан кейін 31 ұпаймен жарысты жалғастырып келеді. Маусымдағы алғашқы өзара кездесуде астаналықтар қыркүйек айының соңында өз алаңында петерборлықтарға 3:5 есебімен есе жіберді.

Еске салайық, кездесу Санкт-Петербургте өтеді және Қазақстан уақытымен 21:30-да басталады. СКА – «Барыс» матчының тікелей трансляциясын «Qazsport» телеарнасынан көруге болады.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie