locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстандық боксшылар Ташкенттегі әлем кубогының финалдық кезеңіндегі алғашқы қарсыластарын білді

Маусымның қорытынды турнирінде Қазақстан намысын 11 боксшы қорғайды
Бокс
Қазақстандық боксшылар Ташкенттегі әлем кубогының финалдық кезеңіндегі алғашқы қарсыластарын білді
ФОТО: КФБ

Қазақстанның бокс құрамасы 2026 жылғы World Boxing әлем кубогының финалдық кезеңіндегі алғашқы қарсыластарын білді. Турнир Өзбекстанның Ташкент қаласында өтеді. Ел намысын алты ер және бес әйел боксшы қорғайды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Еске салайық, ерлер құрамасына Даниял Сабит (50 кг дейін), Фарух Тоқтасынов (70 кг дейін), Аман Қонысбеков (75 кг дейін), Өнер Сейілхан (80 кг дейін), Сұлтанбек Айбарұлы (85 кг дейін) және Дәулет Төлемісов (90 кг дейін) енді.

Жеребе қорытындысы бойынша, Даниял Сабит ширек финалда өзбекстандық Шодиёржон Меликузиевпен кездеседі. Фарух Тоқтасынов қырғызстандық Ихтияр Нишоновпен, ал Аман Қонысбеков ресейлік Сергей Сергеевпен жұдырықтасады.

Өнер Сейілхан қырғызстандық Алмаз Орозбековке қарсы шығады. Сұлтанбек Айбарұлы турнирді жартылай финалдан бастайды: оның қарсыласы ресейлік Идар Занилов пен өзбекстандық Норбек Абдуллаев арасындағы жекпе-жектің жеңімпазы болады. Дәулет Төлемісов те жарысқа осы кезеңнен қосылады. Оның қарсыласы — үндістандық Харш Чоудхари.

Ал әйелдер құрамасы сапында Карина Ибрагимова (57 кг дейін), Бақыт Сейдиш (70 кг дейін), Шұғыла Налибай (75 кг дейін), Валерия Аксенова (80 кг дейін) және Дина Исламбекова (80 кг-нан жоғары) өнер көрсетеді.

Карина Ибрагимова Қытай Тайбэйінің өкілі Шинь И Умен, Бақыт Сейдиш қытайлық Янь Лимен, Шұғыла Налибай ресейлік Елена Гапешинамен, ал Валерия Аксенова үндістандық боксшы Найнамен кездеседі. Төрт жекпе-жектің барлығы ширек финалда өтеді.

Дина Исламбекова жарысты бірден жартылай финалдан бастайды. Оның қарсыласы — Үндістан өкілі Альфия Патхан.

Айта кетейік, Ташкенттегі турнир World Boxing әлем кубогының маусымдық сериясындағы соңғы кезең болады. Жүлделер үшін алдыңғы кезеңдердің жеңімпаздары, сондай-ақ ұйым рейтингінде жоғары орын алатын өзге де спортшылар бақ сынайды.

Қазақстан құрамасы бұған дейінгі екі турнирде сәтті өнер көрсетті. Сәуірде Бразилияда өткен кезеңде отандық боксшылар үш алтын медаль жеңіп алса, маусымда Қытайдағы жарыста қоржынға тағы бес жоғары дәрежелі жүлде қосты.

World Boxing әлем кубогының финалдық кезеңі 28 қараша мен 3 желтоқсан аралығында Ташкентте өтеді. Жарысқа 31 елден 142 боксшы қатысады. Барлығы 20 жүлде жиынтығы сарапқа салынады: ерлер мен әйелдер арасында он-оннан.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie