locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Матчтың үш жұлдызы да «Барыс» ойыншыларына бұйырды

Мәскеудің «Динамосын» 4:1 есебімен жеңген кездесуде Гарретт Пилон, Андрей Шутов және Джейк Масси үздік үш ойыншы болып танылды
Матчтың үш жұлдызы да «Барыс» ойыншыларына бұйырды
ФОТО: Барыс ХК

Астаналық «Барыстың» хоккейшілері Мәскеудің «Динамосына» қарсы ҚХЛ матчындағы үздік үш ойыншының қатарын түгел иеленді. Михаил Кравец командасы Ресей астанасында қарсыласын 4:1 есебімен сенімді жеңді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Пилон - матчтың бірінші жұлдызы

Кездесудің басты қаһарманы Гарретт Пилон атанды. Канадалық шабуылшы екі шайба соғып, «Барыстың» жеңісіне үлкен үлес қосты.

Ол екі голын да екінші кезеңде соқты: алдымен есеп ашты, кейін мәскеуліктер таразы басын теңестірген соң астаналықтарды қайта алға шығарды.

Матчтың екінші жұлдызы болып Андрей Шутов танылды. «Барыс» қақпашысы қарсыластың 38 соққысының 37-сін қайтарып, тек бір рет, көпшілікте ойнаған сәтте шайба жіберіп алды.

Шутов бұған дейінгі «Локомотивке» қарсы кездесуде де қақпасын голдан аман сақтап, сенімді ойын көрсеткен еді.

Үздік үштікті қорғаушы Джейк Масси түйіндеді. Ол кездесуді үш нәтижелі ұпаймен аяқтады: үшінші кезеңде шайба соғып, тағы екі голға нәтижелі пас берді.

Осылайша, «Динамо» - «Барыс» матчының үш жұлдызы да қазақстандық клубтың ойыншылары болды.

Жеті кездесуден кейін «Барыстың» еншісінде 10 ұпай бар. Михаил Кравец командасы келесі матчын 25 қыркүйекте өз алаңында «Нефтехимикке» қарсы өткізеді. Кездесу Астана уақытымен 19:30-да басталады.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie