«Барыстың» мәскеулік «Динамоны» сенімді жеңген матчына бейнешолу
Континенталдық хоккей лигасының тұрақты чемпионатындағы үшінші аптаны «Барыс» мәскеулік «Динамоны» сенімді жеңумен бастады. Бұл жеңіс астаналық команданың алғашқы сырт алаңдағы турнирін қорытындылады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Қарсыластар арасындағы ойынның алғашқы кезеңінде соғылған шайба болған жоқ, сондықтан жанкүйерлерге голдарды екінші жиырма минуттық кезеңге дейін күтуге тура келді. Осы кезеңде «Барыс» есеп ашқанымен, көп ұзамай өзі де шайба жіберіп алды. Алайда екінші кезеңнің өзінде басымдықты қайтара алды.
Одан әрі Михаил Кравец шәкірттері басымдығын арттыра беріп, жеңісті есепті уысынан шығармады. Үшінші кезеңнің басында және соңында бір-бір шайбадан соққан «Барыс» матчтың қорытынды есебін 4:1-ге жеткізді де, екі ұпайды келесі матчы «Нефтехимикке» қарсы өтетін Астанаға алып қайтты.
Назарларыңызға матчтың бейнешолуын ұсынамыз: