Мәскеудің «Динамосын» жеңгеннен кейін «Барыс» нешінші орында
Астананың «Барысы» ҚХЛ-дың 2026/27 маусымын сәтті бастап отыр. Мәскеудің «Динамосын» 4:1 есебімен жеңген Михаил Кравец шәкірттері Шығыс конференциясында үшінші орынға көтерілді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Жеті матчтан кейін «Барыстың» еншісінде 10 ұпай бар. Астаналықтарды конференция көшбасшыларынан небәрі бір ұпай бөліп тұр.
Бірінші орынға дейін - бір ұпай
Қазір Шығыс конференциясының кестесін Магнитогорскінің «Металлургі» бастап тұр. Команда жеті матчта 11 ұпай жинаған. «Ак Барстың» да еншісінде 11 ұпай бар, бірақ Қазан клубы сегіз кездесу өткізіп үлгерді.
Олардың ізін ала «Барыс» орналасқан:
1. «Металлург» - 7 матч, 11 ұпай
2. «Ак Барс» - 8 матч, 11 ұпай
3. «Барыс» - 7 матч, 10 ұпай
4. «Салават Юлаев» - 6 матч, 9 ұпай
5. «Нефтехимик» - 7 матч, 9 ұпай
Осылайша, келесі жеңіс турнир кестесінің жоғарғы бөлігіндегі жағдайды айтарлықтай өзгертуі мүмкін.

Жеті матчта бес жеңіс
«Барыс» жаңа маусымды сенімді бастады. Алғашқы жеті кездесудің бесеуінде жеңіске жетіп, тек екі рет ұтылды.
Әсіресе аяқталған сырт алаңдағы серия сәтті өтті. Астаналықтар «Ладаны» 6:0 есебімен разгромдап, кейін «Металлургке» 0:3 есебімен жол берді. Одан соң қазіргі чемпион «Локомотивті» 5:0 есебімен ұтып, сапарын Мәскеудің «Динамосына» қарсы 4:1 есебіндегі жеңіспен аяқтады.
Енді «Барыс» Астанаға оралады. 25 қыркүйекте команда өз алаңында «Нефтехимикті» қабылдайды. Нижнекамск клубы қазір бесінші орында тұр және қазақстандық командадан небәрі бір ұпайға қалып келеді. Матч Астана уақытымен 19:30-да басталады.
Ал 27 қыркүйекте «Барыс» өз мұз айдынында СКА-мен кездеседі.