locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Барыс» «Адмиралды» үшінші талпынысында жеңе ала ма? ҚХЛ матчына анонс

Сондай-ақ «Барыс» алдағы матчқа Хабаровскінің «Амурынан» (0:2) жеңілгеннен кейін келеді.
Хоккей
ФОТО: ХК "Барыс"

Астаналық «Барыс» Континенталдық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионаты аясында Владивостоктың «Адмиралымен» кездеседі. Михаил Кравецтің командасы осы маусымда Қиыр Шығыс клубын алғаш рет жеңуге тырысады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Командалар бұған дейін өткізген екі кездесуде де «Адмирал» жеңіске жетті. Алғашқы матчта владивостоктықтар овертаймда 5:4 есебімен басым түссе, екінші ойында негізгі уақытта дәл осындай нәтижемен жеңді. Командалардың соңғы өзара кездесуі 6 қарашада Владивостокта өтті.

«Барыс» алдағы матчқа Хабаровскінің «Амурынан» (0:2) жеңілгеннен кейін келеді. Бұл жеңіліс астаналықтардың қатарынан үшінші сәтсіздігі болды. Сонымен қатар команда сырт алаңдағы тоғыз матчқа созылған ұзақ сериясын аяқтап, 14 қазаннан бері алғаш рет өз мұз айдынында ойнайды.

«Барыс» соңғы үш үй матчында екі рет жеңіске жетті. Команданың осы маусымдағы орташа нәтижелілігі — әр ойында 3,17 шайба.

Астаналықтардың негізгі шабуылшысы — 24 матчта 24 ұпай (13 гол және 11 нәтижелі пас) жинаған канадалық шабуылшы Джастин Бэйли. Соңғы бес ойында команданың үздік сұрмергені Тайс Томпсон болды: ол төрт ұпай (3+1) еншіледі. Мэйсон Морелли де дәл осынша ұпай жинады (1+3).

«Адмиралдың» осы маусымдағы ең нәтижелі ойыншыларының бірі — 23 матчта 13 ұпай (7+6) жинаған Иван Муранов. Команданың соңғы бес ойынында Даниэль Усманов пен Владислав Цицюра көш бастады — екеуінің де еншісінде алты ұпайдан.

Владивостоктықтардың қақпашысы Никита Бояркинге де ерекше назар аударған жөн: өткен маусымда ол «Барыстың» намысын қорғаған. Алдағы матчта қақпасын голдан аман сақтаса, бұл оның ҚХЛ мансабындағы оныншы «құрғақ» ойыны болмақ.

Қазақстанға аттанар алдында «Адмирал» бапкерлер құрамында да өзгеріс жасады: Валерий Кулибаба командадан кетті, ал оның орнына Равиль Гусманов келді.

ҚХЛ тарихында «Барыс» «Адмиралмен» кездесулерде 20 рет жеңіске жетсе, владивостоктық клуб 23 мәрте басым түскен. Алдағы матч астаналықтар үшін айырманы қысқартып, қатарынан болған екі жеңілістің қарымтасын қайтаруға мүмкіндік береді.

Арсен Алиев
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie