locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Барыс» - «Адмирал»: ҚХЛ матчін тікелей эфирден қайдан көруге болады

Ұзақ қонақтағы ойындар сериясынан кейін кездесу Астанада өтеді
Хоккей
ФОТО: ХК "Барыс"

Бейсенбі, 12 қарашада, астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионаты аясында Владивостоктың «Адмиралына» қарсы өз алаңында матч өткізеді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Ойын Қазақстан уақытымен 19:30-да басталады. «Барыс» - «Адмирал» матчының тікелей трансляциясын «Qazsport» телеарнасынан көруге болады.

ҚХЛ-дың осы маусымында өткізген 24 матчынан кейін «Барыс» 25 ұпай жинады. «Адмиралдың» да 23 ойыннан кейін дәл осындай ұпайы бар, алайда Владивосток командасы қосымша көрсеткіштер бойынша астаналықтардан кейін тұр.

Қарсыластар өткен аптада да кездескен. 6 қарашада Владивостокта «Адмирал» «Барысты» 5:4 есебімен жеңді.

Одан кейін Михаил Кравецтің командасы Хабаровскінің «Амурынан» (0:2) жеңіліп қалды. Осылайша, «Барыстың» ҚХЛ-дегі жеңіліс сериясы үш матчқа жетті. Астаналықтарды жеңгеннен кейін «Адмирал» мұз айдынына шыққан жоқ.

Арсен Алиев
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie