locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Махачев Нурмагомедов пен Двалишвили арасындағы төбелестен кейін мәлімдеме жасады

Ресейлік файтер отандасын қолдап, Нурмагомедовтің әрекетін айыптағандарды сынға алды
ММА
ФОТО: Getty Images

UFC-дің екі салмақ дәрежесіндегі чемпионы Ислам Махачев жеңіл салмақтағы (70 келіге дейін) PFL-дің жеңіліс көрмеген чемпионы Усман Нурмагомедов пен оның командасының UFC-дің бұрынғы чемпионы, грузиялық Мераб Двалишвилиге шабуыл жасағаны туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Ресейлік файтер отандасын қолдап, Нурмагомедов пен оның командасының әрекетін айыптағандарды сынға алды.

«Қазір Усман мен жігіттерді айыптап, олардың атына тіл тигізіп жатқандарға айтарым: Мераб дағыстандық балуанды себепсіз ұрып, намысына тигенде неге үндемедіңдер? Ол оған жаман ойсыз, сөйлесу үшін жақындады. Бүгін болған оқиғаны Мераб өз елінде бастап, қонақты ұрып, анасына тіл тигізді», - деп жазды Махачев әлеуметтік желіде.

Оқиға 11 қарашада Әбу-Дабидегі қонақүйдің холында болды. Двалишвили Real American Freestyle (RAF) күрес лигасының турнирі алдында сұхбат беріп тұрған кезде, оған бірнеше адамның қасында Нурмагомедов жақындаған. Әлеуметтік желіде жарияланған кадрлардан Усманның грузиялық файтерді шапалақпен ұрғанын, артынша жаппай төбелес басталғанын көруге болады.

Арсен Алиев
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie