«Барыс» «Адмиралдан» овертаймда жеңілді
Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатындағы сырт алаңдағы матчта «Адмиралдан» жеңілді. Владивостоктағы кездесу 5:4 есебімен овертаймнан кейін алаң иелерінің пайдасына аяқталды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Үш 20 минуттық кезеңде командалар бір-бірінің қақпасына төрт шайбадан соқты. Осыдан кейін алаң иелері овертаймда екі ұпайды еншіледі. Астаналық қонақтар сапында Бэйли, Томпсон, Приски және Симонов дәл соққыларымен көзге түсті.
Осы кездесуден кейін «Барыс» 18 матчта 21 ұпай жинады. Михаил Кравец шәкірттері Шығыс конференциясының үшінші сатысында тұр. Ал «Адмиралдың» 17 ойыннан кейін 17 ұпайы бар.
26 қазанда Қазақстан хоккейінің флагманы сырт алаңдағы сериясын Екатеринбургте «Автомобилистке» қарсы матчпен жалғастырады.
Назарларыңызға «Адмирал» - «Барыс» арасындағы матчтың бейнешолуын ұсынамыз