locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Барыс» сырт алаңда «Адмиралға» овертаймда есе жіберді

Командалар осы маусымдағы алғашқы өзара кездесуін өткізді
Хоккей
«Барыс» сырт алаңда «Адмиралға» овертаймда есе жіберді
ФОТО: ХК «Барыс»

Қазақстандық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионаты аясындағы сырт алаңдағы матчта «Адмиралдан» жеңілді. Кездесу овертайм қорытындысы бойынша алаң иелерінің пайдасына 5:4 есебімен аяқталды, деп хабарлайды Sports24.kz.

21 қазанда Михаил Кравец шәкірттері сырт алаңдағы сериясын «Адмиралға» қарсы матчпен жалғастырды. Кездесу Владивостокта өтіп, командалардың осы маусымдағы тұрақты чемпионаттағы алғашқы өзара ойыны болды.

Алғашқы кезең голсыз аяқталды. Екінші жиырма минутта алаң иелері есеп ашқанымен, «Барыс» екі шайба соғып, кезеңді өз пайдасына 2:1 есебімен аяқтады.

Үшінші кезеңде «Адмирал» шайбаны аз құрамда ойнап жүріп соқты, ал араға үш минут салып алға шықты — 3:2.

Көп ұзамай «Барыс» басымдықты пайдаланып, есепті теңестірді. Кейін алаң иелері тағы да алға шыққанымен, астаналықтар есепті қайта теңестірді — 4:4. Осылайша кездесу овертаймға ұласып, оның 23-секундында «Адмирал» шайба соғып, матчты аяқтады.

Осы кездесуден кейін «Барыс» 17 матчта 20 ұпай жинады. «Адмиралдың» еншісінде 16 ойыннан кейін 15 ұпай бар.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie