Жайро Жан Ордабасыға қарсы матчқа қатысатын болды
Бүгін ҚПЛ 1-тур аясында "Ордабасы" мен "Ақтөбе" командалары кездеседі.
Осы матч алдында Ақтөбелік клубтың белді ойыншыларының бірі Жайро Жанның халықаралық сертификатқа байланысты бүгінгі матчқа қатыса алмайтыны хабарланған болатын.
Бүгін "Ақтөбе" клубының халықаралық трансфер сертификатын алғаны жөнінде хабарланды. Жайро Жан бүгінгі "Ордабасыға" қарсы матчқа қатысатын ойыншылар тізіміне енгізілді.
Кувейтте 2 сәуірге дейін мемлекеттік демалыс болғанына қарамастан "Ақтөбе" клубының басқарма басшысы Санат Шалекеновке Кувейт федерациясының жауапты тұлғаларымен байланысқп шығып, халықаралық сертификатқа қатысты мәселелерді шеше алды.
Сондай-ақ, бүгінгі ойынға Габи Кики мен Амаду Думбия қатыса алмайды.