РЕСМИ. Ордабасы Puma компаниясымен келісімшартқа отырды
Германиялық компания осы маусымнан бастап шымкенттік клубты жаңа формамен қамтамасыз етеді.
Қос тарап 2027 жылға дейін бірге жұмыс істейді. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады:
“Біздің клуб аты аңызға айналған неміс спорттық киім бренді PUMA-мен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойғанын хабарлауға қуаныштымыз. Серіктестік 2027 жылға дейін созылады және клубтың дамуындағы маңызды қадам болмақ.
Клубымыз үшін PUMA ойын формасының бірегей дизайнын әзірледі, оны жақын арада көресіз”.
Алғашқы турларда “Ордабасы” ескі формамен өнер көрсетеді. Жаңа форманың тұсаукесері 10 сәуірге жоспарланған.
Айта кетейік, футболдан Қазақстан чемпионаты 1 наурыз күні басталады. Шымкенттік ұжым алғашқы матчын өз алаңында “Ақтөбеге” қарсы өткізеді.