Ордабасы мен Ақтөбе тең тарқасты
Футбол
Наурызбай Қанатұлы
Фото: gettyimages
Бүгін футболдан Қазақстан чемпионатының бірінші туры арасында "Ордабасы" мен "Ақтөбе" командалары кездесті.
Тартысты өткен кездесуде гол соғылмады. Командалар 0:0 есебімен тең тарқасты.
Айта кетейік, өткен маусымда да бұл командалар арасындағы екі матчта тең нәтиже тіркелген еді.
Турдың орталық матчы саналған бұл матч Түркістандағы "Түркістан арена" стадионында өтті.
ҚПЛ. 1-ші тур. 1 наурыз.
Ордабасы - Ақтөбе - 0:0
Келесі турда "Ордабасы" алматылық "Қайрат" командасына қонаққа барады. Ал "Ақтөбе" өз алаңында түркістандық "Тұран" клубын қабылдайды.