«Ақтөбе» жартылай қорғаушысы Ресейде мансабын жалғастырады
«Ақтөбе» командасының жартылай қорғаушысы Никита Корзун Ресейде мансабын жалғастырады, деп хабарлайды Sports24.kz тілшісі.
Telegram-арнасының «Ухо» ақпаратына сәйкес, Беларусьтік хавбек Волгоградтың «Роторына» ауысқалы отыр.
31 жастағы футболшы 2024 жылы «Ақтөбемен» келісімшартқа отырған. Бұған дейін ол семейлік «Елімай» сапында ойнап, 2024 жылғы маусым қорытындысы бойынша команданың үздік ойыншысы атанды және Қазақстан Премьер-лигасында 22 матчта жеті гол соққан.
Ақтөбелік командада Корзун барлық турнирлерде 21 ойында бір нәтижелі паспен көзге түсті.
Кәсіби мансабы барысында Минскінің «Динамосы» түлегі Киевтің «Динамосы», Сауд Арабиясының «Аль-Фатехі», Португалияның «Вилафранкенсе» және Солигорскінің «Шахтері» сынды бірқатар клубтардың жейдесін киген.
Айта кетейік, бұған дейін біз Сэйф Поповтың «Ақтөбеге» ауысуға жақын екенін хабарлаған болатынбыз.