Өзгерістер уақыты ма? Үш конфедерация Инфантиноға қарсы бірікті
Үш конфедерация ФИФА президенті Джанни Инфантиноға қарсы күш біріктірді, деп хабарлайды Sports24.kz.
talkSPORT мәліметінше, УЕФА, КОНКАКАФ және Азия футбол конфедерациясы (АФК) ФИФА президенті Джанни Инфантиноға сенімсіздік вотумын жариялау жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр.
Дереккөздің хабарлауынша, УЕФА президенті Александер Чеферин мен Еуропа клубтар ассоциациясының төрағасы Нассер Әл-Хелаифи егер Инфантино өз еркімен отставкаға кетуден немесе алдағы сайлауда кандидатурасын қайтарып алудан бас тартса, оны қызметінен кетіру науқанын бастап жүргізуге дайын.
Футболдағы жетекші одақтардың алаңдаушылығына басты себеп — ФИФА-ның әлем чемпионатының коммерциялық құқықтарын америкалық жеке инвесторларға сату жөніндегі даулы жоспарының сәтсіздікке ұшырауы. Континенталдық конфедерациялардың басшылары швейцариялық басшыны ашықтықтың жоқтығымен және шешімдерді футбол қауымдастығымен кеңеспей, жасырын түрде қабылдаумен айыптады.
ФИФА-ның кезектен тыс конгресін шақырып, сенімсіздік вотумын күн тәртібіне енгізу үшін оппозициялық конфедерацияларға 211 ұлттық қауымдастықтың кемінде бестен бірінің қолдауы қажет.
Айта кету керек, 56 жастағы Инфантино 2016 жылдың ақпанынан бері ФИФА президенті қызметін атқарып келеді. Ол 2019 және 2023 жылдары ешқандай қарсыластарсыз қайта сайланған. Келесі президенттік сайлау 2027 жылға жоспарланған.
Бұған дейін жанкүйерлер Инфантиноның отставкасын талап еткен петицияны ұйымдастырған болатын.