Мыңдаған қолтаңба: жанкүйерлер Инфантиноның отставкасын талап еткен петиция жасады
Қырықтан астам жанкүйерлік ұйым ФИФА президенті Джанни Инфантиноны отставкаға жіберіп, ұйымға реформа жүргізуді талап еткен петицияны жариялады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Петицияны change.org сайтында жариялаған Football Supporters Europe ұйымы, әлем чемпионатының құқықтарын сату идеясынан бас тартылғанымен, бұл мәселенің түп-тамыры шешілмегенін және оны тез арада өзгерту қажеттігін нақты көрсетеді.
«Бүгін жанкүйерлер ұйымдары, әлемнің барлық континенттеріндегі жүздеген миллион жанкүйерді біріктіре отырып, Джанни Инфантиноның отставкасын және ФИФА-ны реформалауды талап ететін жаһандық петицияны бастайды. Бұл жағдай енді ешқашан қайталанбауы тиіс.
Бір адамның кетуі залалды толық жоя алмайды. FIFA Forward Enterprise ФИФА-ның басқару жүйесіндегі құрылымдық олқылықтарды анықтады, сол себепті осындай заңбұзушылықтар орын алды. Енді осы кемшіліктерді реформалар арқылы түбегейлі жою қажет», — делінген петицияда.
Петицияға әлемнің түкпір-түкпірінен 43 жанкүйерлік ұйым қол қойды, алайда оған кез келген жанкүйер қосыла алады.
