Үздіктердің бірі болды: Сатпаевтың «Интерге» қарсы ойынындағы егжей-тегжейлі статистика жарияланды
«Қайраттың» жас шабуылшысы керемет ойын көрсетті
Футбол
Серик Амирбек
Редактор
ФОТО: Getty Images
«Қайрат» Чемпиондар лигасының төртінші турындағы матчта «Интерге» 1:2 есебімен есе жібергенімен, алматылық клубтың бірнеше ойыншысы сарапшылардың назарында болды. Солардың бірі – Дастан Сатпаев.
Chelsea Loan Army-дің X-аккаунты «Қайрат» шабуылшысы Сатпаевтың «Интерге» қарсы ойынындағы толық статистикасын жариялады.
ЛЧ финалисіне қарсы кездесуде 17 жастағы шабуылшы 29 пастың 25-ін дәл беріп, төрт кросстың үшеуін нақты жеткізді. Бұған қоса, Сатпаев үш табысты дриблинг пен 11 жекпе-жектің жетеуінде үстем түсті.
Дастан матчтың ең әсерлі сәттерінің бірінің авторы атанып, допты қақпа маңдайшасына бағыттады. Оның бұл ойыны тіпті жетекші итальян басылымдарын да таңдай қақтырды.