«Қазақстанның жауһары». Италияда 17 жастағы Сәтпаевтың «Интерге» қарсы ойынына тәнті болды
Дастан Сәтпаев итальяндықтар көзіне түсті
Футбол
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: Getty images
Италияның Gazzetta.it басылымы «Интерге» қарсы өткен (2:1) матчтағы «Қайраттың» 17 жастағы жартылай қорғаушысы Дастан Сәтпаевтың ойынын ерекше атап өтті. Журналистердің айтуынша, алматылықтардың ең өткір сәті дәл осы ең жас ойыншының әрекетінен туды.
Басылым былай деп жазады:
«Матчтағы ең қауіпті мүмкіндік алаңдағы ең жас футболшыдан келді. 2008 жылы туған Сәтпаев допты тартып алып, орталыққа қарай ойыса шірене соқты - доп қиылысқан тірекке тиді. Егер жазда «Челси» оған 2,5 млн еуро төлеуге дайын болса - себебі айқын».
Sofascore бағалау жүйесі бойынша Дастан Сәтпаев 6.7 ұпай алды - бұл «Қайраттың» шабуыл шебіндегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі болды.