«Бұл кездейсоқ команда емес». «Интердің» жеңіс голын соққан ойыншы «Қайраттың» ойынына таңданды
«Интер» қорғаушысы Карлос Аугусто «Қайратқа» қарсы өткен (2:1) матчтағы өз әсерімен бөлісіп, алматылық команданың ойынына жоғары баға берді.
Аугустоның айтуынша, қарсылас күткеннен де мықты болды.
«Біз бірқатар қиындықтарға тап болдық. Олар бұл турнирге жайдан-жай келмегенін дәлелдеді. Команданың сапасы бар. Әсіресе бразилиялық ойыншылар әсер қалдырды - олар батыл ойнап, өткір сәттер жасай білді. Матч біз үшін оңай болған жоқ. Кубок жолында біз әлі де күшейе аламыз деп ойлаймын», - деді ол Qsport басылымына берген сұқбатында.
Еске салайық, кездесу «Джузеппе Меацца» стадионында өтіп, 2:1 есебімен миландық клубтың пайдасына аяқталды. Төрт турдан кейін «Қайрат» жалпы кезең кестесінде 1 ұпаймен 34-орында тұр.