«Армандар Чемпиондар Лигасында орындалады». Зоммер шымкенттік балаға қолғаптарын сыйлады
Атақты «Сан-Сиро» стадионында өткен ЧЛ матчы жанкүйерлерге ерекше әсерлі сәт сыйлады. «Интердің» қақпашысы Ян Зоммер «Қайратқа» қарсы (2:1) өткен ойынан кейін өз ойын қолғаптарын Қазақстаннан келген жас жанкүйерге табыстады.
Баланың әкесі отбасы Шымкенттен арнайы Миланға «Қайраттың» тарихи түрде Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне шығуын қолдап келгенін айтты. Ал баланың өзі футболмен шұғылданады және қақпашы позициясында ойнайды.
Матч кезінде ол былай жазылған плакат ұстап тұрған:
«Yann Sommer, gift me pls gloves. Your fan from Kazakhstan».
Ойын аяқталған соң Зоммер бұл плакатты байқап, жанкүйер отырған секторға жақындап, қолғаптарды өз қолымен табыс етті.
Бұл сәт отбасы үшін ұмытылмас естелікке айналды.
«Чемпиондар Лигасы, «Сан-Сиро», толы стадион - және осындай арманның орындалуы. Шынымен, ғажайыптар болады екен», - деп жазды баланың әкесі.
Айта кетейік, бұған дейін «Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбеков те матчтан соң Ян Зоммерге жақындап, одан жейде сұрағанын айтқан болатын.
