locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Интер» «Қайратпен» өткен матчта қазақ тілін білетін диктордың болмауын түсіндірді

Кәдімгі адасу
Футбол
Жантөре Қайсаров
Жантөре Қайсаров
Редактор
«Интер» «Қайратпен» өткен матчта қазақ тілін білетін диктордың болмауын түсіндірді
ФОТО: Getty Images

«Интер» – «Қайрат» матчына «Джузеппе Меацца» стадионында келген жанкүйерлер қазақ тілін білетін диктордың жоқтығына таңғалды. Бұл жағдайдың неге орын алғаны белгілі болды.

«Қайрат» клубы бұл жағдайды матчты ұйымдастыруды «Интер» өз мойнына алғанымен түсіндірді. Миландық клубтың мәлімдеуінше, қазақ тілін меңгерген диктор табу мүмкін болмаған. Егер «Қайратқа» осы мәселе бойынша алдын ала хабарласса, клуб көмектесуге дайын еді.

«Сіздерді жақсы түсінеміз. Бұл жағдай бізге де ыңғайсыз болды. Миландағы матчты толықтай «Интер» ұйымдастырды. Стадионда диктор құрамды орыс тілінде хабарлайтынын білмедік, ойыннан кейін ғана себебін сұрадық.

«Интер» сол күні қазақ тілінде сөйлейтін диктор таба алмағанын айтты. Егер алдын ала ескертілсе, біз қазақ тілін білетін маманды ұсынуға дайын болар едік», – деп жауап берді «Қайрат» Soqqymedia-ның сұрауына.

Бұған дейін «Қайрат» туралы айтқан сөздері үшін Ресейдегі матч комментаторы Владислав Батурин де түсініктеме беруге мәжбүр болған еді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie