locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Өздеріңіз түсінесіздер»: Анарбеков «Интер» футболшысынан жейде сұрағанын айтты

Есімнің өзі соған итермелейді
Футбол
Жантөре Қайсаров
Жантөре Қайсаров
Редактор
«Өздеріңіз түсінесіздер»: Анарбеков «Интер» футболшысынан жейде сұрағанын айтты
ФОТО: ФК Кайрат

«Қайраттың» қақпашысы Темірлан Анарбеков алматылықтарды «Интерден» ойсырай жеңілуден құтқарып, бірден алты сейв жасады. Өзі аңызға айналған «Джузеппе Меаццада» ойнағанына эмоциясын жасырмайды.

Анарбековтың айтуынша, жанкүйерлердің қолдауы оған ерекше күш берген, бірақ, өкінішке қарай, «Интерге» қарсы ұпай алудың сәті түспеді. Өз кезегінде, матчтан кейін ол қарсыласы Янн Зоммерден жейде сұрады.

«Жеңіске жеткіміз келді, бірақ болмады. Барлық эмоциямызды бердік, бәріміз күрестік. Қарсыласымыз, өздеріңіз білесіздер – «Интер». Қиын болатынын білдік, бірақ оларға қарсы ойнауға болатынын көрдік. Жанкүйерлеріміздің дауысын анық естідік – бірінші таймда олар біздің қақпамыздың артында тұрды. «Сан-Сирода» «Қайраттың» жанкүйерлерінің дауысын есту – ерекше сезім.

Ұпай ала аламыз деп сендік, «Интерге» қарсы да сенім болды, бірақ жүзеге аспады. Алда ұлттық құраманың ойындары бар, аздап демалып, келесі матчтарға дайындала бастаймыз. Ойыннан кейін Янн Зоммермен сөйлестім, одан жейде сұрадым», — деді Анарбеков ASnews.kz берген сұхбатында.

«Қайрат» жанкүйерлерін италиялық басылымдар да атап өтті, олар «Джузеппе Меаццадағы» қонақ секторын қызу талқылаған болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie