locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Бұл - жай трибуна емес, нағыз хор»: италиялықтар «Қайрат» жанкүйерлеріне таңданысын жасырмады

«Қайрат» жанкүйерлері Еуропаны таңғалдырды
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
«Бұл - жай трибуна емес, нағыз хор»: италиялықтар «Қайрат» жанкүйерлеріне таңданысын жасырмады
Фото: скриншот

«Интер» - «Қайрат» матчы тек алаңдағы ойынмен ғана емес, трибунадағы ерекше атмосферасымен де есте қалды. Италиялық танымал журналист Танкреди Палмери алматылық клубтың жанкүйерлерін ерекше атап өтті.

Оның айтуынша, Миланға келген «Қайрат» қолдаушылары еуропалық ареналарда сирек кездесетін көрініс сыйлады:

«Мұндайды стадионда бірінші рет көріп тұрмын. «Сан-Сироға» келген 1600 «Қайрат» жанкүйерінің шамамен 1000-ы - қыздар. Олардың ұраны хор секілді сазды естіледі», - деп жазды Палмери.

Матчты жалпы 69 983 көрермен тамашалағанымен, дәл қонақ секторындағы қазақ жанкүйерлерінің қолдауы әлеуметтік желілерде талқылаудың негізгі тақырыбына айналды.

Ал матчтың өзі «Интердің» 2:1 есебімен жеңісімен аяқталды. Алматылық клубтың жалғыз голын Офри Арад соқты.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie