Винисиус Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі ең үздік екінші бразилиялық сұрмерген атанды. Тізімде кім бірінші?
Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
ФОТО: Getty Images
Винисиус Жуниор Чемпиондар лигасының ширек финалында «Арсеналға» қарсы ойында «Реал» Мадрид сапындағы жалғыз голды соқты.
Бернабеудегі қарымта матчтың (1:2) 67-минутында соғылған гол Винисиустың Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі 12-ші голы болды. Ол бұл көрсеткіш бойынша 2007 жылғы «Алтын доптың» иегері Каканы басып озып, еурокубоктағы ең үздік екінші бразилиялық сұрмерген атанды.
Тізімнің жалғыз көшбасшысы болу үшін Винисиус екі гол соғуы керек. Ең көп гол соққан бразилиялық ойыншы - Неймар, оның плей-офф кезеңінде 13 голы бар.
Винисиус рекордты келесі маусымда ғана жаңарта алады - «Реал» Мадрид ширек финалда жеңілгеннен кейін турнирден шығып қалды.