locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Ремонтада болған жоқ. Мадридтік «Реал» Чемпиондар лигасының 1/4 финалында «Арсеналдан» ұшып кетті

Ремонтада болған жоқ. Мадридтік «Реал» Чемпиондар лигасының 1/4 финалында «Арсеналдан» ұшып кетті
ФОТО: Getty Images

16-17 сәуірге қараған түні мадридтік «Реал» мен «Арсенал» (1:2) арасындағы Чемпиондар лигасының ширек финалдық қарымта кездесуі өтті.

Голдар және матчқа бейнешолу

Ойын «Реал» Мадридтің стадионы «Сантьяго Бернабеуде» өтіп, қонақтардың 2:1 есебімен жеңісімен аяқталды. Матчқа француз төрешісі Франсуа Летексье төрелік етті.

  • Матчтың барлық ең қызықты сәттерін Sports24.kz Telegram-арнасында live режимде көруге болады!

Екі пенальти белгіленгенімен бірінші тайм голсыз аяқталды. Бірінші эпизодта Букайо Сака Тибо Куртуаны жеңе алмады, ал екінші «Арсеналға» қарсы пенальти алты минуттық ақылдасудан кейін жойылды. Матчтың екінші бөлігінде командалар екі минутта гол алмасты – Винисиус Сака голына өз соққысымен жауап берді. Ал қосымша уақытта Габриэль Мартинелли жеңіске соңғы нүктені қойды.

Осылайша, еурокубоктың қазіргі чемпионы «Реал» Мадрид ширек финалда «Арсеналдан» жиынтық 1:5 есебімен жеңіліп, турнирді тастап кетті. Өз кезегінде «зеңбірекшілер» жартылай финалда «ПСЖ-мен» ойнайды.

Чемпиондар лигасы. ¼ финал. 17 сәуір

«Реал» Мадрид (Испания) - «Арсенал» (Англия) - 1:2 [алғашқы матч 0:3]

Голдар: Винисиус, 67 - Сака, 65, Мартинелли, 90+3.

Салынбаған пенальти: Сака, 13 («Арсенал»).

«Реал» Мадрид: Куртуа - Алаба (Гарсия, 61), Рюдигер, Асенсио (Модрич, 73), Васкес (Эндрик, 61) - Беллингем, Тчуамени, Вальверде - Винисиус, Мбаппе (Диас, 75), Родриго (Себальос, 61).

«Арсенал»: Рая - Тимбер (Уайт, 90+5), Салиба, Кивьор, Льюис-Скелли - Эдегор, Парти, Райс (Зинченко, 90+5) - Сака (Троссард, 77), Мерино, Мартинелли (Тирни, 90+5).

Ескертулер: Алаба, 4, Асенсио, 11, Рюдигер, 85 - Рая, 36, Парти, 85.

ФОТО: ФК Арсенал

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie