ВИДЕО. Артета «Реалды» жеңіп ЧЛ жартылай финалына шыққаннан кейін өз пікірімен бөлісті
«Арсеналдың» бас бапкері Микель Артета Чемпиондар лигасының ширек финалында мадридтік «Реалды» жеңгеннен кейінгі әсерімен бөлісті.
18 сәуірге қараған түні өткен тартысты кездесуде лондондық клуб Букайо Сака мен Габриэл Мартинеллидің голдарының арқасында 2:1 есебімен жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алды.
«Командама деген мақтанышым шексіз. Негізгі ойыншылардың жарақатына және қиын жағдайларға қарамастан, біз қайсар мінез танытып, клуб тарихында үшінші рет Чемпиондар лигасының жартылай финалына шықтық», — деді Артета ойыннан кейінгі баспасөз мәслихатында.
Енді «Арсенал» жартылай финалда Францияның «ПСЖ» командасымен кездеседі. Айта кетейік, париждіктер бұған дейін ағылшындық «Астон Вилланы» жарыстан шығарған болатын.