locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Беллингем «Арсеналға» жеңілгеннен кейін: Біз бұл клубтың үмітін ақтамадық

Футбол
Азат Максутбек
Азат Максутбек
Беллингем «Арсеналға» жеңілгеннен кейін: Біз бұл клубтың үмітін ақтамадық
ФОТО: Getty images

Чемпиондар лигасының 1/4 финалындағы жауапты ойында «Арсеналдан» жеңілгеннен кейін «Реал Мадридтің» жартылай қорғаушысы Джуд Беллингем нәтижеге эмоционалды түрде былай деді:

«Біз бұл клубтың үмітін ақтай алмадық – біріншіде де, екінші матчта да. Кешіріңіз, мадридтіктер. Біз бұл кештер мен бұл турнир жанкүйерлер үшін нені білдіретінін түсінеміз. Бізде әлі маусымды сақтап қалуға мүмкіндігіміз бар, бірақ оны тек бірге жасай аламыз. «Реал» міндетті түрде оралады» - деді ағылшындық.

Еске салайық, «Арсенал» Чемпиондар лигасының қазіргі жеңімпаздарын жиынтық 5:1 есебімен нокаутқа жіберген болатын. «Сантьяго Бернабеуде» өткен қарымта ойында лондондықтар Букайо Сака мен Габриэль Мартинелли соққан голдардың арқасында 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie