ВИДЕО. Анчелотти «Арсеналдан» жеңілгеннен кейін: Жеңілісті де қабылдай білу керек
Мадридтік «Реалдың» бас бапкері Карло Анчелотти өз командасының Лондонның «Арсеналына» қарсы Чемпиондар лигасының ширек финалындағы сәтсіз ойынына баға берді.
«Реал» екі матчтың қорытындысы бойынша 1:5 есебімен (үйде – 0:3, қонақта – 1:2) жеңіліп, Еурокубоктағы жорығын осы кезеңде аяқтады.
«Реал» жаттықтырушысы қарсыластың ойынына құрметпен қарап, ағылшын командасының екі кездесуде де мықтырақ болғанын мойындады:
- «Ақиқатын айту керек – «Арсенал» бізден мықты болды және жартылай финалға лайықты түрде өтті. Футболда қуанышты әрі көңілсіз сәттер қатар жүреді. Біз талай рет жеңіске жетіп қуандық, енді жеңілісті де қабылдай білуіміз керек. Мұндай жағдайлар бізде жиі болмайды, бірақ дәл осындай сәттер арқылы біз өсіп, келесі сын-қатерлерге жақсырақ дайындала аламыз».
Чемпиондар лигасындағы сәтсіздікке қарамастан, «Реал» әлі де басқа трофейлер үшін күресті жалғастырып жатыр. Алда команда Ла Лигада, Испания кубогында және Клубтық әлем чемпионатында бақ сынамақ.