«Мен үшін бұл сабақ болды». Букайо Сака «Реалға» қарсы ойындағы сала алмаған пенальти туралы айтты
«Арсеналдың» вингері Букайо Сака Чемпиондар лигасының ширек финалындағы «Реалға» қарсы ойында (2:1) сала алмаған пенальтиден сабақ алатынын айтты.
Бірінші таймның басында лондондықтар пенальтиге қол жеткізді. Сака өз еркімен соққыны орындады және Тибо Куртуа ойыншының соққысын оңай қайтарды. Екінші таймда Сақа қателігін жуып шайып, ойыннан гол соқты.
«Олай болып тұрады. Мен бірдеңе жасауға тырыстым, бірақ ол нәтиже бермеді. Бірақ мен бүгін түнде гол соғатыныма сенімді болдым және оны екінші таймда орындадым.
Әрине, осыдан сабақ алып, алға қарай ұмтыламын. Бірақ бүгін мен жеңістен ләззат алуға көбірек көңіл бөлемін, мүмкін ертең немесе келесі аптада осы сәтті дұрыс талдайтын шығармын», - деді Сака.
«Зеңбірекшілер» «Реалды» екі ойында да жеңіп, 2009 жылдан бері алғаш рет Чемпиондар лигасының жартылай финалына шықты. Келесі кезеңде олар франциялық «ПСЖ-мен» кездеседі.