locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Видео.Гарсия Тренттің дәл пасынан кейін есеп ашып, «Реалды» алға шығарды

Гарсияның баспен соққан голы «Реалды» алға шығарды
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Видео.Гарсия Тренттің дәл пасынан кейін есеп ашып, «Реалды» алға шығарды
ФОТО: Getty images

1-нен 2 шілде арасындағы түнде клубтар арасындағы әлем чемпионаттың 1/8 финалы аясында мадридтік «Реал» мен «Бенфика» арасындағы шиеленісті ойын өтіп жатыр. Кездесу ұзақ уақыт бойы тең дәрежеде өрбіп, есеп ашылмаған күйде келе жатқан. Алайда 54-минутта мадридтіктер тарабы жанкүйерлерін қуантты.

Ойын тағдырын 21 жастағы шабуылшы Гонсало Гарсия шешті. Ол Трент Александр-Арнолдтың оң қанаттан асырған дәл пасын баспен қақпаға бағыттап, «Реалды» алға шығарды. Айта кетейік, бұл Тренттің «Реал» сапындағы алғашқы нәтижелі әрекеті болды.

Гарсияның бұл голы ойынның алғашқы әрі әзірге жалғыз голы болып отыр. Есеп – 1:0. Тартысты матч жалғасуда.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie