locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Хаби Алонсо «Реалдың» клубтар арасындағы әлем чемпионатының ширек финалына шығуын бағалады

Хаби Алонсо «Ювентусқа» қарсы жеңіс туралы
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Хаби Алонсо «Реалдың» клубтар арасындағы әлем чемпионатының ширек финалына шығуын бағалады
ФОТО: Getty images

Мадридтік «Реалдың» бас бапкері Хаби Алонсо клубтар арасындағы әлем чемпионатының 1/8 финалында «Ювентусқа» қарсы өткен ойынды қорытындылап, жеңісті голдың авторы Гонсало Гарсия мен Килиан Мбаппенің жағдайы жайлы пікір білдірді.

««Ювентус» орталық алаңда өте тығыз ойнады. Сол себепті үзіліс кезінде ойыншыларға қаптал арқылы шабуыл жасау қажеттігін айттым. Орталықта бос кеңістік болмаған соң, допты тез арада қанаттарға жеткізу – басты міндетіміз болды», - деді бапкер салқындату сәтіндегі нұсқауы жайлы.

Сондай-ақ Алонсо жеңіс әкелген жалғыз голдың авторы Гонсало Гарсияны жеке атап өтті:

«Нағыз шабуылшы дегеніміз – дәл осындай футболшы. Қажетті уақытта, қажетті орында болуы керек. Гарсия дәл солай жасады, әрі керемет гол соқты».

Кездесуді қосалқы құрамда бастаған Килиан Мбаппенің жағдайына да тоқталды:

«Килианның жағдайы жақсарып келеді. Ол әлі де жаттығуларын жалғастырады, қалпына келуге уақыты жеткілікті. Жақын күндері бабына келеді деп сенемін».

Айта кетейік, ширек финалда «Реал» Дортмундтың «Боруссиясы» мен мексикалық «Монтеррей» арасындағы жеңімпазбен кездеседі.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie