locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Реал Мадрид» - «Ювентус» - 1:0 .Гарсия мадридтіктерге жеңіс сыйлады. Гол және матчқа бейнешолу

Гарсияның голы «Реалды» ширек финалға алып шықты
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
«Реал Мадрид» - «Ювентус» . Голдар және матчқа бейнешолу
ФОТО: Getty images

1 шілдеден 2 шілдеге қараған түні Майамидегі «Хард Рок» стадионында клубтар арасындағы әлем чемпионатының 1/8 финалы аясында басты ойындардың бірі өтті. Мадридтік «Реал» мен туриндік «Ювентус» арасындағы кездесуде испандық ұжым 1:0 есебімен жеңіске жетіп, келесі кезеңге жолдама алды.

Ойын жоғары қарқында басталды. «Ювентус» алғашқы минуттардан-ақ белсенділік танытып, баспасинг арқылы шабуылға шықты. Алайда нақты гол соғатын сәттерді жасай алмады. Бірте-бірте ойын тізгінін қолға алған «Реал» алаң иелерінің қорғанысын бұзу жолдарын іздеді. Вальверденің алыстан бағыттаған соққысы мен Беллингемнің бірден-бірге шыққан сәті ең қауіпті эпизодтар болды. Бірақ екі жағдайда да туриндіктердің қақпашысы Ди Грегорио сенімді ойнап, өз қақпасын аман сақтап қалды.

Матч тағдырын 54-минут шешті. Трент Александер-Арнолд оң қанаттан әдемі пас көтеріп, Гонсало Гарсия баспен дәл соққы жасап есеп ашты - 1:0. Осы гол «Реалға» жеңіс сыйлап, Хаби Алонсоның командасы ширек финалға жолдама алды. Енді олар 2 шілдеде өтетін «Боруссия» Дортмунд пен «Монтеррей» арасындағы ойын жеңімпазымен кездеседі.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie