locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Реал» клубтар арасындағы әлем чемпионатынан қанша табыс тапты?

«Реал» КӘЧ ширек финалына шықты: мадридтіктер 63 миллион доллар табыс тапты
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
«Реал» клубтар арасындағы әлем чемпионатынан қанша табыс тапты?
ФОТО: Getty images

2025 жылғы клубтар арасындағы әлем чемпионатының ширек финалына кезекті жолдаманы мадридтік «Реал» иеленді. 1/8 финалдағы ойында Хаби Алонсоның шәкірттері Майамидегі «Хард Рок» стадионында туриндік «Ювентусты» 1:0 есебімен тізе бүктірді. Жеңіс голын екінші таймның ортасында Гонсало Гарсия баспен соқты - шабуылшы Трент Александер-Арнолдтың оң қапталдан асырған добын тиімді пайдаланды.

Бұл жеңістің арқасында «Реал» турнирдің келесі сатысына өтті. Ширек финалда корольдік клуб Дортмундтың «Боруссиясы» мен Мексиканың «Монтеррейі» арасындағы матч жеңімпазымен кездеседі.

Айта кетейік, 1/4 финалға жолдама алғаны үшін мадридтіктер 63 миллион доллар көлемінде табысқа кенелді. 2025 жылғы КӘЧ-тің жалпы жүлде қоры 1 миллиард доллардан асады, ал турнирдің әрбір келесі кезеңі қатысушыларға берілетін қаржылай сыйақыны едәуір арттырады. Егер «Реал» жартылай финалға шықса, сыйақы көлемі 80 миллион доллардан да асып түседі.

Турнир финалы 13 шілде күні өтеді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie