Есеп бойынша - минимал, маңыздылығы жағынан - максимал: «Реал» «Ювентусты» жеңіп, ширек финалына жолдама алды
Майамидегі «Хард Рок» стадионында клубтар арасындағы әлем чемпионатының 1/8 финалындағы маңызды ойын аяқталды. Мадридтік «Реал» мен туриндік «Ювентус» арасындағы текетіресте испандық команда 1:0 есебімен жеңіске жетіп, турнирдің келесі кезеңіне шықты.
Кездесудің тағдырын 72-минуттағы Гонсало Гарсияның дәл соққысы шешті. Бұл шабуыл оң қанаттан бастау алды – Трент Александер-Арнолд «Реал» сапындағы алғашқы нәтижелі пасын беріп, айып алаңына асырған допты Гарсия баспен торға дәл бағыттады.
Клубтар арасындағы әлем чемпионаты. 1/8 финал
«Реал» – «Ювентус» – 1:0 (0:0)
Гол: Гонсало Гарсия, 54
Осылайша, «корольдік клуб» клубтар арасындағы әлем біріншілігінде өз жорығын жалғастыруда. Ширек финалда Хаби Алонсо шәкірттері «Боруссия» Дортмунд пен мексикалық «Монтеррей» арасындағы жеңімпазбен кездеседі. Бұл матч 2 шілде күні өтеді.
Айта кетейік, «Реал» топтық кезеңде сенімді ойын көрсетіп, «Әл-Хиләл», «Пачука» және «Зальцбург» командаларынан озып, өз квартетінде бірінші орынды иеленді.