«Реал» мен «Ювентус» КӘЧ 1/8 финалы алдындағы негізгі құрамдарын жариялады
1 шілдеден 2 шілдеге қараған түні Майамиде клубтар арасындағы әлем чемпионатының 1/8 финалындағы ең күтілетін кездесулердің бірі өтеді - мадридтік «Реал» туриндік «Ювентуспен» күш сынасады. Ойын Астана уақыты бойынша түнгі сағат 00:00-де басталады. Қос команда да негізгі құрамдарын ресми түрде жариялады.
- Матчтың барлық ең қызықты сәттерін Sports24.kz Telegram-арнасында live режимде көруге болады!
«Реал» (бас бапкер — Хаби Алонсо):
Куртуа — Трент, Рюдигер, Хейсен, Фран Гарсия — Вальверде, Чуамени, Арда Гүлер — Беллингем, Винисиус Жуниор, Гонсалу.
«Ювентус»:
Ди Грегорио — Келли, Ругани, Калулу — Камбьясо, Тюрам, Локателли, А. Кошта — Консейсау, Йылдыз — Коло Муани.
Кездесу Флорида штатындағы әйгілі «Хард Рок» стадионында өтеді. Бұл матчтың жеңімпазы ширек финалға жолдама алып, «Боруссия» мен «Монтеррей» арасындағы ойынның мықтысымен кездеседі.