Қазақстан Дэвис кубогі матчында Таиландпен жұптық кездесуді өткізді
Қазақстан құрамасы Дэвис кубогінің Екінші әлемдік тобы аясында Таиландқа қарсы матчтың жұптық кездесуін өткізді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Денис Евсеев пен Бейбіт Жұқаев Пручья Исаро/Максимус Джонс жұбына есе жіберді. Тайлық қарсыластар 6:4, 3:6, 7:6 есебімен жеңіске жетті.
Осы кездесуден кейін Қазақстан — Таиланд сериясындағы есеп 2:1 болды. Енді қарсыласудың жеңімпазы жекелей кездесулерде анықталады.
Бұған дейін Александр Шевченко үш сетке созылған кездесуде Максимус Джонсты жеңді. Ал Тимофей Скатов Кадисит Самреджден басым түсті.
Еске салайық, турнир ережесіне сәйкес, матчта бес кездесудің үшеуінде жеңіске жеткен құрама жеңімпаз атанады. Қазақстан жеңіске жеткен жағдайда Бірінші әлемдік топқа қатысу құқығы үшін плей-офф кезеңінде ойнайды, ал жеңілген жағдайда дәл осы кезеңде, бірақ Екінші әлемдік топқа қатысу құқығы үшін бақ сынайды.