ФОТО: Қазақстан құрамасы Айти–Нагоядағы Азия ойындарының ашылу салтанатында
Жапонияның Айти–Нагоя қаласында XX жазғы Азия ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Sports24.kz.
Қазақстан құрамасы Ойындардың ашылу салтанатында сап түзеп өтті. Салтанатты рәсімде Қазақстан құрамасының туын дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметов пен үстел теннисі командасының өкілі Сарвиноз Миркадирова алып шықты. Олар Қазақстанның мемлекеттік туын зор мәртебемен көтеріп өтті.
Айта кетейік, XX жазғы Азия ойындары Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді. Жарысқа Азияның 45 елінен спортшылар қатысады. Қазақстан атынан 35 спорт түрінен шамамен 560-570 спортшы бақ сынайды.
XX жазғы Азия ойындарын Қазақстанда тікелей эфирде Qazaqstan және Qazsport телеарналары көрсетеді.
Назарларыңызға Қазақстан құрамасының ашылу салтанатындағы шеруінен фоторепортаж ұсынамыз.







