ВИДЕО: Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Азия ойындарының ашылу салтанатында шеру жасады
Елдос Сметов пен Сарвиноз Миркадирова ұлттық туды алып шықты
Басқа спорт түрлері
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
ФОТО: Никита Басов
Қазақстан құрамасы XX жазғы Азия ойындарының ашылу салтанатында шеру жасады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Жарыстың ашылу салтанатында ұлттық құраманың ту ұстаушылары дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметов пен үстел теннисі командасының өкілі Сарвиноз Миркадирова болды. Олар еліміздің ұлттық туын салтанатты түрде алып шықты.
Айта кетейік, Қазақстан атынан 2026 жылғы Азия ойындарына 559 спортшы қатысады. Жалпы, жарысқа 11 мыңнан астам спортшы қатысады. Турнирде спорттың 43 түрі мен 71 дисциплинасы бойынша 469 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Сондай-ақ XX жазғы Азия ойындарының бағдарламасына алғаш рет спорттың алты түрі енді: BMX-фристайл, аралас жекпе-жек, падел, серфинг, текбол және виртуалды таэквондо.