locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ВИДЕО: «Шахтер» футболшыларының Бірінші лигадағы чемпиондыққа реакциясы

Қарағандылық клуб чемпионаттың аяқталуына екі тур қалғанда чемпиондық атақты мерзімінен бұрын қамтамасыз етті
ВИДЕО: «Шахтер» футболшыларының Бірінші лигадағы чемпиондыққа реакциясы
ФОТО: instagram.com/shakhterfc/

Қарағандылық «Шахтер» 2026 жылғы Қазақстан Бірінші лигасының чемпионы атанды. Клубтың Instagram желісіндегі ресми парақшасында футболшылардың чемпиондыққа деген реакциясы жарияланды, деп хабарлайды Sport24.kz.

Кеше өткен 24-тур матчында «Шахтер» Шымкенттің «Академия Оңтүстік» командасын 2:0 есебімен жеңді.

Ал бүгін қарағандылық клубқа чемпиондық атақты мерзімінен бұрын рәсімдеуге «Тараз» бен алматылық «Қайрат-Жастар» арасындағы 24-тур ойынындағы тең нәтиже мүмкіндік берді. Кездесу 1:1 есебімен аяқталды.

«Шахтердің» футболшылары бұл матчты экраннан бақылап, төрешінің соңғы ысқырығынан кейін чемпиондықты тойлауға кірісті.

Осы ойыннан кейін екінші орында тұрған «Қайрат-Жастардың» еншісінде 57 ұпай бар, ал «Шахтер» 65 ұпай жинаған. Екі команда да әлі екі матчтан өткізеді. Алайда алматылықтар қалған кездесулердің барлығында жеңіске жеткен күннің өзінде ең көп дегенде 63 ұпай жинай алады. Демек, олар қарағандылық клубты басып оза алмайды.

Маусым қорытындысы бойынша Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсету құқығына «Шахтер» мен Түркістанның «Тұран» клубы ие болды.

Бұған дейін Тимур Турлов «Шахтер» футбол клубын дамыту жоспарлары туралы айтқан еді. Қарағандыда 16 мың орындық жаңа жабық футбол стадионы мен футбол академиясын салу жоспарланып отыр.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie